Тоқаев: Қазақстан АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптайды
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Қазақстан АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптайды. Халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор.
Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз.
Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісімге келгенін мәлімдеп, Ормуз бұғазы ашылатынын және теңіз блокадасының алып тасталатынын хабарлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2388597-toqaev-aqsh-men-iran-qol-zhetkizgen-kelisimdi-quptady/