jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Брюссельге барып, Еуропалық Кеңестің басшылығымен келіссөз жүргізеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    22-23 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған.

    "Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды", - делінген хабарламада.

    Сапар бағдарламасында Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған.

    Сонымен қатар мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін "Қазақстан – ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.

    Тоқаев Брюссельге барып, Еуропалық Кеңестің басшылығымен келіссөз жүргізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.