jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: Тоқаев ел президентіне көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Колумбия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтқан.

    Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірген.

    Еске сала кетейік, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4-ке тең жойқын жер сілкінісі болды.

    11 тамыздағы мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінен кем дегенде 132 адам қаза тауып, тағы 570-і жарақат алған.

    Төтенше жағдайлар қызметі адамдарды үйінділер астынан шығару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

    Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: Тоқаев ел президентіне көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.