jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Сицзандағы жойқын сел: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

    Непалдағы сел жүрген аймақ
    Непалдағы сел жүрген аймақ. Фото: Фото: Prabin RANABHAT / AFP via Getty Images

    Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

    Мемлекет басшысы жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасып, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына оралуына тілектестігін білдірді.

    Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Қытай мен Непал арасындағы шекара өткелі ауданында көшкін жүргені белгілі болған еді. Си Цзиньпин зардап шеккендерді құтқаруға барлық күшті жұмылдыруды тапсырды.

    Бүгін таңертең табиғи апаттан қаза тапқандар саны 160-тан асты. Сондай-ақ Непал мен Қытай билігі бірқатар елдің азаматтары жоғалып кеткенін хабарлады.

    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандар арасында ел азаматы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол туристік топтың құрамында Қытайдан Непалға қарай шекарадан өткен.

    Сицзандағы жойқын сел: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.