БАӘ-де екі қазақстандық бойжеткеннің қазасы: СІМ тергеу барысы туралы айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында БАӘ-де екі қазақстандықтың қайтыс болуына қатысты резонанстық оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жанболат Үсенов аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатқанын атап өтті.
"Тергеу мүддесі үшін ешқандай ақпарат жарияланбайды, сол себепті біз қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруге дайын емеспіз.
Тергеу аяқталғаннан кейін біз нәтижелерін ұсынамыз және оларға қатысты пікір білдіреміз", - деп сендірді ол.
Еске салсақ, 25 тамызда Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстанның екі азаматы қаза тапқанын мәлімдеген. Артынша олардың туыстары отандық БАҚ-қа сұхбат беріп, марқұмдардың денесін елге жеткізу үшін көмек сұраған.
Айта кету керек, Шарджа қаласында көз жұмған әпкелі-сіңлілінің отбасы қыздардың бірі мектепті алтын белгіге бітірсе, екіншісі домбыраның құлағында ойнаған. Олар шетелге жұмыс істеуге кеткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2428593-baa-de-eki-qazaqstandyq-boizhetkenning-qazasy-sim-tergeu-barysy-turaly-aitty/
