jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаевтың Германияға сапары: Қазақстан президенті Берлиннен Мюнхенге келді (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде. Фото: Ақорда

    Германияда ресми сапармен жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Берлиннен Мюнхенге келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.

    Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.

    Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесіп, оны Қазақстанға шақырған еді.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.

    Тоқаевтың Германияға сапары: Қазақстан президенті Берлиннен Мюнхенге келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram