Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқаған.
Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталған.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда елімізге мемлекеттік сапармен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид келді.
Мәртебелі мейманды мемлекет басшысы Астана әуежайында күтіп алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2438883-toqaev-tauelsizdik-saraiynda-oman-sultanyn-qarsy-aldy-foto/
