jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақорда Астана көрінісіне сүйсініп тұрған король Филипп пен патшайым Матильданың суретін жариялады (фото)

    Король Филипп пен патшайым Матильда
    Король Филипп пен патшайым Матильда. Фото: Ақорда

    Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген бельгиялықтар королі мен патшайымы фотографтың объективіне ілікті. Кадрда ерлі-зайыптылардың елорда көрінісін тамашалап тұрған сәті бейнеленген, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Король Филипп пен патшайым Матильда Астананың ажарын Ақордадан тамашалады", - делінген Ақорда жариялаған суреттің сипаттамасында.

    Суреттен "Бәйтерек" монументі мен елорданың басқа да сәулетті көрнекті орындарын көруге болады. Панорамалық көрініс "Ақорда" резиденциясының үлкен терезелерінен ашылып тұр.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен бельгиялықтар королі және патшайымы
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен бельгиялықтар королі және патшайымы. Фото: Ақорда

    Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильда келді. Оларды елорда әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

    Бүгін Ақордада мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

    Салтанатты рәсімнен кейін тараптар шағын құрамда сондай-ақ кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

    Ақорда Астана көрінісіне сүйсініп тұрған король Филипп пен патшайым Матильданың суретін жариялады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram