jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    28-30 қазан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады.

    "Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ Қазақстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.

    Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жолдап, желтоқсанда өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтетінін жазған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram