Кремль Тоқаевтың Ресейді ТМҰ-ға қосу туралы ұсынысына жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) құрамына қосу туралы ұсынысына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы "Ведомости" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның сауалына жауап берген Песков Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді деп мәлімдеген. Оның айтуынша, әзірге Мәскеуге ресми шақырту түспеген, алайда бұл мәселе Қазақстанмен байланыс барысында талқылануы мүмкін.
"Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келер болсақ, өзіңіз білесіз, Ресейде тарихи шығу тегі бойынша халқы түркілер болып саналатын бірқатар өңір бар", - деді Песков.
Ол жекелеген өңірлердің емес, тұтас Ресей Федерациясының аталған ұйым жұмысына қосылуы туралы сөз болуы керектігін баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен байланысты кеңейту қажеттігін айтып, оның бұл ұйымға қатысуы барлық елге не себепті тиімді болуы мүмкін екенін түсіндірген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2450909-kreml-toqaevtyng-reseidi-tmu-ga-qosu-turaly-usynysyna-zhauap-berdi/