jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Астана әуежайында Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алды (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Қасым-Жомарт Тоқаев және II Абдалла бен әл-Хусейн
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Қасым-Жомарт Тоқаев және II Абдалла бен әл-Хусейн. Фото: Ақорда

    Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мәртебелі мейманды президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан қарсы алды.

    Салтанатты рәсім аясында ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен Ақаба процесінің саммиті өтетінін жазған едік. Осыған байланысты Иордания королі мен Тәжікстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, Қазақстанға келетінін растаған болатын.

    II Абдалла бен әл-Хусейн елде 5-6 қараша аралығында сапармен болады.

    "Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады", - деп хабарлаған еді Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram