RU

2015 жылы өмірден озған Қазақстанның танымал тұлғалары

Жыл сайын арамыздан халықтың ардақты қоғам, мемлекет қайраткерлеріне айналған аяулы жандар алыстап кете барады. NUR.KZ 2015 жылы өмірден өткен танымал тұлғаларды назарларыңызға ұсынады.

Батырхан Шүкенов

2015 жылдың 28 сәуір күні қазақстандықтардың есінде орны толмас қайғымен есте қалары сөзсіз. Бұл күні танымал музыкант, «А-Студио» тобының іргесін қалаушы Батырхан Шүкенов өмірден озды. Әншінің тыңдармандары еліміздің әр өңірінде ескерткіш орнатып, суретін қойып, дауыстап «Джулия», «Белая река», «Солдат любви», «Нелюбимая» әндерін орындады.

Әбіш Кекілбаев

Осы жылы Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы 76 жасқа қараған шағында көз жұмды. Мемлекет және қоғам қайраткерінің көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Жазушының "Король Лир", "Ромео и Джульетта", "Принцесса Турандот", "В ночь лунного затмения", "Дон Жуан, или Любовь к геометрии", "Приведение", "Сегодня праздник" пьесалары еліміздің театрларында қойылып жүр.

Рахат Әлиев

Биыл Австрияда Қазақстанның экс-елшісі Рахат Әлиев дүниеден өтті. Өткен жылы маусым айында қамауға алынған Әлиев камерада асылып қалған күйінде табылды. Қазақстанда экс-елшіні билікті тартып алу мақсатында дайындық шараларын өткізгені үшін және адамдарды ұрлаумен айналысатын топты ұйымдастырғаны үшін 40 жыл бас бостандығынан сырттай  айырған еді.

Герольд Бельгер

2015 жылдың 7 ақпанында еліміздің белгілі жазушысы, аудармашы Герольд Бельгер дүниеден озды. Танымал тұлға 6 рет инфаркт алып, ауруханада көз жұмды. Бельгер 40-тан астам кітаптың авторы саналады және жазушының қаламынан шыққан атақты туындылардың ішінен "Дом скитальца", "Туюк Су", "Разлад" романдарын оқырмандарға жақсы таныс. Герольд Бельгер  1994 - 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты қызметін атқарды.

Нұрлан Балғымбаев

2015 жылы Атырауда 68 жасында Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев көз жұмды. Танымал саясаткер әр жылдары мұнай және газ өндірісінде министр қызметін, «Қазақойл» мұнай-газ ұлттық компаниясының президенті қызметін атқарған. 1997 жылдан 1999 жылдарға дейін Қазақстан премьер-министрі болды.

Нұрлан Қаппаров

2015 жылы Қытайдың Бейжің қаласына ресми іс-сапармен барған "Қазатомпром" басшысы Нұрлан Қаппаровтың қызмет кезінде жүрегі тоқтап қалды. Аталмыш мемлекет қайраткері әр жылдары ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, Lancaster Group Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Кейіннен Нұрлан Қаппаров ҚР қоршаған ортаны қорғау бойынша министрлікті басқарды.

Мұхтар Әлиев

Биыл қаңтар айында елімізде танымал хирург әрі академик Мұхтар Әлиев дүниеден озды. Академик тұңғыш рет Қазақстанда медициналық тәжірибелер ұйымдастырып, адам органдарын ауыстыру  орталығын және медицина ғылымдарының академиясын ашты.

Мақсұт Нәрікбаев

Осы жылдың күзінде қоғам қайраткері, "Әділет" демократиялық партиясының іргесін қалаушы Мақсұт Нәрікбаев өмірден өтті. Лауазымды тұлға әр жылдары Қазақстанның бас прокуроры және Жоғарғы сот төрағасы қызметтерін атқарды.

Талғат Кірбетов

Осы жылдың желтоқсан айында қазақстандық жас журналист Талғат Кірбетовтің өлі денесі көлігінде табылған болатын. Алдын-ала деректер бойынша журналист иіс газынан уланып қалған.

Кірбетов әр жылдары "31" арнада, "Астана" телеарнасында, "7 арнада" жұмыс істеген. Соңғы қызметі - Астанада "Время" газетінің жеке корреспонденті болып еңбек атқарды.

Михаил Кленчин

2015 жылы 35 жастағы танымал қазақстандық заңгер Михаил Кленчин қаза болды. Алдын-ала деректер бойынша, заңгер өз-өзіне қол жұмсаған делінеді.

Жанна Фриске

Осы жылдың 15 маусымында жүйке жүйесінің қатерлі ісігінен ресейлік әнші Жанна Фриске көз жұмды. Әртіс жүктілігінің салдарынан дер кезінде ем қабылдаудан бас тартқан болатын.

Эльдар Рязанов

2015 жылы халыққа «Служебный роман», «Ирония судьбы», «Вокзал для двоих», «Старики разбойники», «Гараж» туындыларын сыйлаған дарынды  кеңес режиссері Эльдар Рязанов қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1000602-qanday-tanymal-tulghalar-2015-zhyly-omirde/