Қазақша таза сөйлеп, қазақша тәрбиеленген кәріс қызы туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Қазақстан Ұлттық арнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасы арқылы танылған кәріс қызы Ирина Тен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген жан. Ол өзінің отбасы, өмірі, қызметі туралы сыр шертіп, ikerim.kz сайтына сұхбат берді.
Отбасындағыларs тегіс қазақша сөйлейтін Ирина Тен махаббат жолында дін де, ұлт та, салт-дәстүр де маңызды емес екенін тілге тиек етті.
"Мен егер бір адамды жақсы көрсем, оған қатысты нәрселердің бәрін қабылдауым керек деп түсінемін. Оның жұмысын, отбасын, мінезін, салт-дәстүрін, бәрін қабылдаймын", - деген ол ұлттық ерекшеліктерге мән бермейтінін жасырмады.
Өзінің отбасына тоқтала кеткен Ирина қарапайым, бірақ бақытта отбасында дүниеге келгенін жасырмай айтты.
"Әкемнің есімі Тен Сергей Владимирович, анамның есімі Тё Валентина Сергеевна. Аталарым репрессия жылдарында Арал маңына көшіп келген екен. Әкем сол жерде туылған. Ал анам Ташкенттен, екеуі Алматы қаласында танысқан. Менен төрт жас үлкен туған ағам бар, үйленген. Жеңгем қазақ, есімі – Шолпан. Екеуі қазір бір тәп-тәтті балапанның ата-анасы. Отбасымызда бәріміз қазақша сөйлейміз. Тіл жағынан бізде еш қиындық жоқ", - деді тележүргізуші.
Сонымен бірге, Ирина кейде тележүргізушіліктен басқа кейде той басқарудан да қашпайтынын жасырмады.
"Той басқару өте жақсы табыс көзі. Бірақ менің жеке пікірім асабалық ер азаматтарға жақсырақ жарасатын сияқты. Асаба болу, жұртты басқару, сөзіңді тыңдату, әзіліңді өткізу деген – өте үлкен өнер. Бұл кәсіппен айналысу үшін маған әлі де біраз нәрсе үйрену керек сияқты. Бірақ тәжірибемдегі той басқару жанымдағы мықты асабалар болғандықтан өте жақсы өтті", - деді ол.
Тағы да оқыңыздар:
Мәйітханада екі рет тірілген шымкенттік қария медбикелерді шошытты
Он төрт жасында от басып, сәбилі болған қыздың тағдыры
"Хосписте" өткен бір күн: Айықпас дертке шалдыққандар өмір үшін қалай күреседі? (фото)
Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда" бақыттың не екенін айтып берді (видео)
Тура той алдында жігіті тастап кеткен қалыңдық итіне тұрмысқа шыға салды (фото)
Бет сүйегі қисық болып туылған бойжеткен өзін Жаратқанның шедеврі санайды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1333679-qazaqsha-taza-soylep-qazaqsha-tarbiele/