RU

Танымал дінтанушы Димаштың жетістігіне қатысты айтқан сынын дұрыс түсінуді сұрады

Қытайда өтіп жатқан халықаралық байқаудың қатысушысы, қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жетістігіне қуанғандарды сынап тастаған танымал дінтанушы Мұртаза Бұлұтай өз сөздеріне түсініктеме берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бүгінге дейін қытайдың киімін кидік, заттарын тұтындық, бірақ Қытай санамызға кіре алмаған болатын, біздің Қытайға деген көзқарасымыз әйтеуір базарымызды солардың өнімдері жаулап алған, бүкіл әлемді Қытай асырап жатыр деген қарабайыр түсінік деңгейінде болатын.

Ал, Қытай сыртымызда жүрсе де ішімізге кіре алмаған болатын, яғни санамызға, ақылымызға, сезімімізге, менталитетімізге, психологиямызға т.б., осындай тележобалар қытайдың телеканалдарын әрбір қазақтың үйіне кіргізіп берді, айналымнан айналымға дүйім жұрт осы тележобаны аңдумен, асыға күтумен, қараумен өтетін болды.

Өзіңіз білесіз, осы телевизор - қазіргі интернет ақпаратты тасымалдаудың, сананы жаулаудың ең басты құралы. Қазір қытайға деген көзқарас өзгеріп барады, бұрынғы секемшілдіктен, сескенуден гөрі қазір тек оң баға беріп, өзеурете қарайтындар пайда болып жатыр, осыны айтып отырмын. Өнер де, спорт та, дін де тікелей немесе жанама түрде кейбір ықпалдарды тасымалдау үшін қолдануға қолайлы құралдар, лезде пәленбай миллион адамның назарын аударта алатын күш потенциалы ғажап феномендер.

Менің айтып отырғаным осы қыры ғана, басқа жаққа тартпаңыздар, бұрмаламаңыздар, дұрыс түсініңіздер құрметті халайық...", - деп жазды ол өзінің Facebook-тағы парақшасына. 

Естеріңізге сала кетсек, дінтанушы Мұртаза Бұлұтай Димашқа қытай азаматтарының барынша назар аударуы қуанатын нәрсе емес екенін айтқан болатын.

Тағы оқыңыздар:

Сегіз жылын жындыханада өткізген Маржан Тұрлыбаеваны көпшілік Рианнаға ұқсатты (фото)

Тікелей эфирде танымал әншіге сезімін білдірген отбасылы келіншек таң қалдырды

Таиландтағы қонақүйлердің бірінен Қазақстан азаматының денесі табылды

Витастың продюсері Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Баян Есентаеваның кезекті суреті тағы да ел талқысына түсті (фото)

Ресейлік олигархтың қызы ертегідегідей үйлену тойын қалай өткізді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1395517-tanymal-dintanushy-dimashtynh-zhetistig/