Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаева Тұрсынғали Алагөзовпен қалай танысқанын айтып берді

Опубликовано:

Баян Есентаева туралы жаңалықтар жұрттың назарынсыз қалмайды. Оның жеке өмірі миллиондаған адамның назарында.

Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірігіп берген алғаш рет Tengrinews.kz-ке сұхбат беріп, қалай танысқандарын, 10 маусымдағы атышулы оқиғаны қалай бастан өткергенін және алға қандай жоспар қойып отырғанын айтып берді.

Журналистің үйлену тойы нақты қашан өтеді деген сауалына Тұрсынғали Алагөзов:

"Біз бұл мәселені шешіп қойғанбыз. Ал достармен, туыстармен дастархан басына жиналуға келсек - меніңше, көктемге қарай. Көктемде, мамырда тойлаймыз деп ойлаймын", - деді.

Баян Есентаева сұхбат барысында Тұрсынғалимен қалай танысқанын айтып берді.

Продюсердің айтуынша, ол алматылық кәсіпкермен жұмыс барысында танысқан.

"Біз өткен жылдың көктемінде таныстық. Мен тұрмыста едім. Бірақ мен тұрмыстағы өмірім жайлы, ажырасқым келгені жайлы осыған дейін де айтқанмын. Мұнда менің жеке өмірім жайлы әңгіме болған жоқ. Іскерлік кездесу болды, ешкімде "іс насырға шабады" деген ой болмады", - дейді Баян ханым.

"Баянмен танысқан кезімде мен ажыраспаған едім. Қазір болса ажырасу үстіндемін. Бұл неге ұзаққа созылып жатқан процес дейтін шығарсыз, мен - бизнесменмін, заң бойынша бөлінетін мүлік бар, осыған байланысты, банктерге байланысты кейбір мәселелер болды. Осының барлығын аяқтауға уақыт керек. Ақпанның соңына дейін мәселе шешіледі деп ойлаймын. (...) Танысқан адамдардың 99 пайызы некеде болады. Біздің жағдайда да солай болды", - деп қоса кетті Тұрсынғали.

Сондай-ақ, Баян осы жағдайлардан кейін, бұрынғы күйеуіне қатысты қылмыстық істі қайта қарау керек деген кейбір адамдардың пікіріне жауап берді.

"Ол жасаған қылмысы үшін бостандығынан айырылды. Бірақ ең қорқыныштысы - адамдардың оның әрекетін құптап, "дұрыс істеді" деп жатқаны. Яғни адамдар көзге шөп салған әйелді жазалау керек деп есептейді, осыны қолдайды. Демек некедегі әйелдің барлығын біреуді ұнатып қалғаны үшін жазалайық онда. Қоғамның қылмыскерді ақтап, дұрыс істеді деуі - үрей туғызады. Пышақ ала жүгіретіндерді ақтайтын адамдар неге сонша қатыгез?", - дейді продюсер.

Олар сонымен қатар 10 маусым күні болған оқиғаны есіне алды.

"Мен Баянды үйіне жеткізіп салуды ұсынғанмын. Баян қарсы болып, мен оны таксиге отырғызып жібердім. Бұл оқиға такси жүргізушісінің көзінше болды", - деген Тұрсынғали сол күні әйеліне бар шындықты айтқанын, оқиғадан кейін ауруханада Баянның қасында болғанын жасырмады.

"Сол күні үйге барып, бұрынғы әйеліме бар шындықты айттым - ажырасу туралы шешімімді айттым", - деді ол. 

Баян Есентаева сондай-ақ, неліктен дәл қазір қарым-қатынастарыңыз жайлы жария еткілері келгенін, бұған дейін неге жасырғанын да жасырмай айтып берді.

"Кездейсоқ жағдай емес, әрине, барлық мәлімет ресми түрде мәлімдейміз дегенше жарияланып кетті. Бірақ бұл қауесет болды. Мен басым бос емес, оның әйелі бар, 10 маусымда атышулы оқиға болды. 3-4 ай бойы жұрттың алдына шыға алмадым, осы уақыт бойы шетелде болдық. Әрине, қарым-қатынасымыз жайлы сол кезде айту Тұрсынның әйеліне де, менің бұрынғы күйеуіме де құрметсіздік болар еді. Бірақ енді қауесет тарап кеткен соң, растауды дұрыс деп шештік. Иә, аз ғана уақыт өтті. Бұл үшін де сынап жатыр: "Енді ғана ажырастыңыз, бұл қалай болғаны?" дейтіндер бар. Ажырасқан адам азап көріп, бір-екі жыл қиналуы керек деген ережені қайдан шығардыңыздар. Қоғамның түсініксіз стандарттары. Әркімнің жағдайында әрқалай. (...)

Адамдар ережені бұзу үшін ойлап табады. Мен әулие емеспін, басқа адамдар секілді менің де күнәм бар, қателіктерім де, жетістіктерім де бар. Мен онымен оқиғадан кейін таныстым, ал күйеуім мені себепсіз ұрып-соқты" деп өтірік айтқанша, шындықты айтқан дұрыс. Мен ешкімді алдағым келмеді. Мен қандай екенімді айттым, көрсеттім. Өмірімдегі ережелердің бірі - өз-өзіме адал болу. Ал шындық әрқашан ащы. Тұрсын батылдығын менен бұрын көрсетті. "Жасырынғанымыз жетер, "таныс емеспіз" деуді, әуежайдан бөлек шығуды тоқтатамыз" деді. Мен өз кітабымда жазатын махаббат хикаясы болды", - дейді Баян ханым.

Сондай-ақ, Баян Есентаева тегін Алагөзова деген өзгерткісі келетінін мәлімдеді.

Әңгімелескен Әсемгүл Қасенова

Тағы оқыңыздар:

Витастың продюсері Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Ыстамбұлда белгісіз біреу ауруханадағы дәрігерлерді кепілдікте ұстап отыр

Жемқорлар мемлекетке қанша ақша көлемінде айыппұл төледі?

Алматыда қоғамдық көліктер бір күнде екі рет соғысып қалды (фото)

Танымал дінтанушы Димаштың жетістігіне қатысты айтқан сынын дұрыс түсінуді сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1395594-men-aulie-emespin-bayan-esentaeva-turs/

pixel