Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздар желіде "ғашықтар күнін" күнін тойлауды бастап кетті (фото)

Опубликовано:

Бүгін - 14 ақпан. Әлемде Әулие Валентин - ғашықтар күні деп аталып кеткен мейрамды әркім өз діни ұстанымына, өмірлік көзқарасына сәйкес тойлауда. Осыған орай, отандық бірқатар жұлдыздар да елді "ғашықтар күнімен" құттықтауда.

Екі баланың анасы, сүйікті жар, қазақтың сұлу актрисасы Салтанат Бақаева өзінің жазылушыларын "ғашықтар күнімен" құттықтап, сүйікті адамға қандай сыйлық сыйлауға болатыны жөнінде кеңес берді.

Ал белгілі әнші Сиви Махмуди болса, сүйіктісінің ғашықтар күнімен құттықтауын түнгі он екіде бастап кеткенін айтып мақтанды.

Бір құшақ раушан гүлін алған Сиви қуанышын оқырмандарынан жасыра алмады.

Әнші Луина да құшақ-құшақ гүлмен түскен суретін желіге жүктеді.

Скрипкашы Жәмиля Серкебаеваның да парақшасы құттықтауларға лық толды. Ол өзінің желідегі достарын ғашықтар күнімен құттықтады.

 

Ерболат Беделханның асыл жары, үш баланың анасы Асыл Беделхан жазылушыларын бүгінгі мерекемен құттықтап қойды. Оған желі қолданушылары алғысын жаудырып, әншіге де қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Күні кеше өткен Луинаның жаңа әнінің таныстырылымы туралы сөз еткен Лидо да бүгінгі күннің ерекшелігіне мән берді. Оның айтуынша, Луинаның жаңа әні ғашықтар күніне орай жасалған тамаша сый.

Ал отандық шоу бизнес өкілі Джамбахан болса, сүйіктісімен бірге түскен суретін салып:

"Бүгінгі күні барлық жерде махаббаттың лебі ессін", - деген тілегін жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен атыраулық ғашықтардың махаббат хикаясы

Көліктің жанында жалаңаштанған бойжеткен бар шындықты жайып салды 

Әулие Валентин күнін алматылық жастар қалай атап өтеді? (фото)

Астана халқы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасып жатыр

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1408399-otandyq-zhuldyzdar-eldi-aulie-valenti/

pixel