Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияның ең сымбатты он актері

Опубликовано:

Түркияның ең сымбатты он актерін NUR.KZ порталы most-beauty.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Хaлит Эpгенч

Халит бала кезінен танымал актер болуды армандаған. Бүгінде бұл арманы шындыққа айналған актер Бергюзаль Корель есімді актрисамен көңіл жарастырады. Олардың отау көтергеніне сегіз жылдан асты.

Энгин Акюрек

Энгин Акюрек институтта оқып жүріп, актер болғысы келетінін ұққан. Тарих мамандығын бітіріп шыққан азамат бүгінде кино әлемін бағындырып жүр.

Кыванч Татлытуг

Кыванч - тізесінен ауыр жарақат алып, спортпен қош айтысқандардың бірі. Ол баскетболды тастап, модельге айналады. Көп ұзамай, фильмдерге де түсе бастайды. Оны өз елінде "түріктердің Бред Питі" деп атап кеткен.

Бурак Озчивит

Бурак сымбатты келбетімен және қалың мұртымен көреремендердің жүрегіне жол тапқан. Ол актриса Фахрие Эвдженмен көңіл жарастырып, бүгінде екеуі бақытты ғұмыр кешуде.

Озджан Дениз

Озджан Дениз өмір бойы музыкамен айналысып келген. Алайда оның сымбатты келбетін байқап қалғандар жігітті телехикаяға түсуге шақырады. Сол күннен бастап атағы асқақтаған азамат бүгінде әлемге танымал болып отыр.

Толгахан Сайышман

Толгахан Сайышман - қашан да өз нанын өзі тауып жеуге тырысатындардың бірі. Ол 19 жасында модель атанып, үйге алғашқы табысын әкеле бастайды. Түркияның ең сымбатты жігіті атағын жеңген Толгахан бүгінде танымал актер болып отыр.

Кадир Догулу

Кадир Догулу кедей отбасынан шыққан. Бойына мейірімділікті сіңіріп өскен азамат қыруар қаражат тапса да, шалқып өмір сүрмейді. Ол ақшаны тек қажетіне жаратуға тырысады.

Барыш Ардуч

Барыш Ардуч 2011 жылы үлкен танымалдыққа ие болып, он шақты телехикаяға түсіп үлгереді. Жас жігіт бос уақытында футбол ойнап, су түбінде жүзгенді ұнатады.

Халук Пиес

Халук Пиес Аданада дүниеге келген. Жеті жасынан бокспен шұғылданып, кейін оны тастап кетеді. Актер ретінде бағы жанған.

Керем Джем Дурук

Керем Джем Дурук - музыкант, актер әрі тележүргізуші. Өмірінде өте ақкөңіл азамат мысықтарды қатты жақсы көреді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Венесуэла президенті елдегі ең төменгі жалақыны 60 пайызға өсірді

Трамптың ұлы: Әкемнің Сирияға жасаған әуе соққысы - оның басты жетістігі

Ерлі-зайыптылар ішіне жын кіріп кеткен ұлын 30 жыл бойы қамауда ұстаған

Үндістандық келіншектерге ішкілікке салынған күйеулерін ұруға рұқсат етілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1481836-turkiyanynh-enh-symbatty-akteri/

pixel