Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсын Алагөзовтің ұлы туған әкесін неліктен сотқа бергенін түсіндірді

Опубликовано:

Желіде Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы соттасып жатқан әкесіне жауап беріп, өзінің неліктен әкесін сотқа беруге мәжбүр болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесіне жүрекжарды сөзін арнады
Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесіне жүрекжарды сөзін арнады: UGC

Хат авторы әкесіне жазған хатын жариялауды сұраған.

«Әке, сен өзіңнің Instagram желісіндегі @tursen_alaguzov нигіндегі парақшаңда маған арнап жазба жаздың. Менің ұстанымымды, құндылықтарымды жақсы білесің. Екі жыл бойы үндемей келдім. Айтарым жоқтықтан емес, отбасы - алынбас қамал екенін, оны қорғау керек екенін және бар мәселені сол қамалдың ішінде шешу керек екенін түсінгендіктен.

Біз - мен, Әмина және анам - сені жаңа өміріңе жібердік. Иә, солай бола тұра, сенің бізбен қарым-қатынасың туралы пікіріңді біз БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы біліп жүрміз. Алайда өзің кеткеніңмен қоймай, артыңда шешілмеген, аяқталмаған істер көп қалды. Осы уақыт бойы олардың барлығымен бізге айналысуға тура келді.

Аяқталмаған істеріңнің кейбірі шешуді қажет етеді. Сондықтан қандай да бір жолын табу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге тура келіп отыр.

2017 жылдың қазанында сенің (… Esentai) мекен-жайындағы пәтерде тұратының, ал ол бөліп сатып алынғанын және сатып алынғанға дейін жалға берілгені туралы құжаттар жіберілген.

Орын алған жағдай салдарынан құрылыс компаниясына пәтерді қайтарып беріп, 2017 жылдың қараша айынан бастап тұрғын-үйді жалға беру жөніндегі келісім-шартты бұзу туралы шешім шығарылды. Сен пәтерді босатпаған соң, мен әлі күнге дейін пәтердің ақысын төлеп келемін, Сондықтан сотқа сені үйден мәжбүрлі түрде шығару туралы арыз беруге мәжбүр болдым.

Әке, уақыттың тез өтетіні соншалық, кей нәрсені түсіну үшін өте аз уақыт керек болады. 2016 жылдың жазында мен көп нәрсені түсіндім. Түсіндім де, өз таңдауымды жасадым. Менің өз өмірім, сенің өзі өмірің бар", - делінген хатта.

Сонымен бірге, Әрсен барлық қазақстандықтарға өз ойын ашық айтты.

"Мен отбасыдағы барлық мәселе сол үйдің ішінде қалуы керек деген әпкем Әминаның пікірімен келісемін. Жанымдағы ең жақындарым - анам мен әпкемді қорғауға барымды салам. Бұл олардың алдындағы ұл және іні ретіндегі парызым. Сондықтан да біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз жабық", - деді өзін Әрсен Алагөзов ретінде таныстырған жазба авторы.

Еске салсақ, Тұрсын Алагөзовті туған ұлы үйінен қуып, сотқа берген еді. Ал Тұрсын Алагөзов болса, өзінің ұлына жауап қайтарып, оған еш реніші жоқ екенін жеткізген.

"Әрдайым саған көмек көрсетуге дайынмын. Бірақ, бұл жәй ғана үй ғой", - деп жауап қайтарған әкесі ұлынан ар мен ұят туралы ұмытпауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723276-trsyn-alagzovti-ly-tugan-kesin-nelikten-sotka-bergenin-tsindirdi/

pixel