Мұқағали Мақатаевтың келіні атасына тіл тигізген Мұхтар Шахановқа қарсы шықты
Жарияланған күні:
Мұқағали Мақатаевтың келіні Бақытгүл Айдарова ақын атасына тіл тигізіп, оны ұлт қамын ойламаған деп сынағаны үшін Мұхтар Шахановқа қарсы шықты. Ол Мұхтар Шахановтың «ұлт туралы, тіл туралы үн қатпады» дегенімен еш келіспейді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Шахановтың мәлімдемесін ауыр қабылдағандардың бірі - Мақатаевтың келіні Бақытгүл Айдарова. Ол Мұхтар Шахановтың «ұлт туралы, тіл туралы үн қатпады» дегенімен еш келіспейді. Бір ғана «Үш бақытым» өлеңі нағыз ұлтжандылық пен отансүйгіштік деп санайды.
Бақытгүл Айдарова М.Мақатаев атындағы қоғамдық қор төрайымы:
"Әлемді шарлап кеткен, әлем деңгейіне көтерілген поэзиясы ешкімнің етегінен тартқанына көне қояды деп ойламаймын. Атамыз ғана емес, өмірден озған, біздің қазағымыздың маңдайына біткен жұлдыздарының, мықты ұлы тұлғаларының бәрін ғайбаттап отырғаны мен үшін түсінбейтін дүние.
Ал тоқсаныншы жылдары Мұхтар Шахановтың сенімді көмекшісі болған Ерлан Декелбаев соңғы жылдары рухтас ағамды түсінуден қалдым дейді. Айтуынша, желтоқсан оқиғасын зерттеуден кейін жолдары екіге айырылыпты. Әдебиет алыптарына ауыр сөз айтуы еш қисынсыз дейді желтоқсаншы.
"Жалғыз Мұқағали емес, Жамбыл емес, басқа емес, біраз желтоқсаншыларға да тиісетін болды. Мені сатқын қылды, Хасенді «кгбшник» қылды. Басқаларды тағы бірдеңе қылды. Біз Мұхтар ағаны түсінбей жатырмыз. Қайдан алып жатыр бұл информацияларды, не істеп жатыр? Не дәлелі жоқ, біз түсінбей жатырмыз Мұхтар ағаны, - дейді қоғам белсендісі.
Ал ауруханада жатырмын деген Мұхтар Шаханов тек бәрі шындық үшін, ұлт үшін деген пікірде. Осы жолда мені қолдаңдар деген ұран да тастады. Ақын «Шындығы үшін Абайдан Махамбетті жоғары қоямын» дегенін де жиі айтып жүр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724637-mkagali-makataevty-kelini-atasyna-til-tigizgen-mhtar-sahanovka-karsy-sykty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.