Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдырмаш мүсінді қазақстандық Instagram жұлдыздары кім?

Опубликовано:

Бүгінде әлеуметтік желі арқасында жұртқа танылып қана қоймай, оның көмегімен табыс тауып жүрген бойжеткендер саны жетерлік. Қазақстандық ғаламтор кеңістігінде де күн көрісі өз парақшасына байланысты арулар саны көп. Мінсіз мүсінді сылқымдарға тіркелушілер қатары күн сайын толығуда деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram/Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram/Коллаж: NUR.KZ: UGC

Бүгінгі күні мұндай аруларды Instagram жұлдыздары деп атаған орынды. Өзінің ресми парақшалары арқылы олар өз оқырмандар аудиториясын барынша кеңейте түседі. Бірі қызықты оқиғаларымен бөлісіп отырса, кейбірі пайдалы кеңестер беріп әлек. Тағы бір түрлері тек қана өзінің мінсіз мүсінді бейнесін жүктеумен ғана айналысады.

Алайда бұл аруларды біріктіретін тағы бір жайт олардың көпшілігі біреуге бағынып жұмыс істемейді. Яғни, Instagram жұлдыздары өз парақшалары арқылы күн көріп, табысқа кенелуде. Олардың бір затты жарнамалауының өзі 150 мыңнан бастау алады. Бұл дегеніміз бар болғаны бір ғана жазба. Мұндай жазбаларға тапсырысты күн ара қабылдайтын қыздардың біреуге бағынышты қызмет еткісі келмесі анық.

Бота Балабекова

Қарағанды тумасы өзінің мінсіз мүсінді суреттерінің арқасында дүйім жұртқа танылып, қазақстандық модельдік агенттіктердің көзіне түскен. Бастапқыда аздап жарнамалық және түрлі басылымдардың фотосессияларына тапсырыс алып жүрген ару, бүгінде отандық сән әлемінде өз орнын тапқан.

Негізгі күн көрісі - фототүсірілімдер, жарнама. Бүгінде оның парақшасына 373 мың адам тіркелген. Бойжеткен әлеуметтік желіні белсенді түрде пайдаланады. Оған қоса, Бота Қазақстан футбол құрамасының ойыншысы Ұлан Қоныспаевпен қарым-қатынаста болған. Алайда, жастарды айырылысып кеткеніне екі жылдың жүзі болып қалды.

Бота Нұрсейітова

Талдықорған тумасын танымайтын қазақстандықтар жоқ болса керек. Әпкелі-сіңілі Нұрсейітовалар үнемі ел аузында жүрген арулар. Бірінен бірі асып түсетін қыздардың ең кенжесі Бота ерекше сұлулық иесі. Алайда, талдырмаш қасиетке ие бойжеткен бүгінде екі баланың анасы, адал жар. Алматыда өскен қыз тұрмысқа шығып, суық Астанаға қоныс аударған. Бота өзінің парақшасы арқылы да қомақты табысқа ие болуда. Оның жарнамалық посттары қыруар қаржы тұрады.

Бүгінде ол жұбайымен бірге отбасылық мейрамхана ашып алған. Оның парақшасына тіркелгендер саны 375 мың адамнан асады. Ару көьіне жас анаға пайдалы кеңестермен бөлісіп, қызықты оқиғаларын жазып тұрады.

Мадина Мамадалиева

Қазақстандық әлеуметтік желілерін өзінің мінсіз мүсінді суреттерімен толтырған ару бүгінде мықты кәсіпкер. Сан түрлі фотосессиялар мен бейнебаян түсірілімдерге қатысатын бойжеткен өз қызмет кеңістігін барынша ұлғайтуда. Бірнеше отандық брендтің басты өкілі атанған қыз жақын арада өз күшін вайн түсірілімде сынап көрсе, уақыт өте өз киім дүкенін ашып алған.

Оған қоса, парақшасындағы жарнама жасау да жас арудың табысын кеңейте түскені анық. Бас уақытында бойжеткен жан құрбысымен қыдырғанды және басқа елге саяхаттағанды жаны сүйеді. Ол Төреғали және ресейлік әнші Моттың бейнебаяндарында түскен. Бүгінде оған 440 мың адам тіркелген.

Айым Сейітметова

Отандық танымал актерлар отбасында дүниеге келген қыз ата-ана жолын қуған. Актерлік шеберлік бойынша білім алып жатқан ару түрлі кино және телехикаяларға түсіп үлгерді. Оған қоса, ол танымал блогерлер тобының мүшесі. Айымның парақшасына 450 мың адам тіркелген. Бойжеткен Вахид есімді сері актермен кездесіп жүрген. Алайда, ғашықтар өз қарым-қатынастарын доғаруды ұйғарған.

Айя Шалқар

Танымал қазақстандық модель өзінің ерекше бет-әлпет сұлулығымен көптің жадында сақталып қалды. Бойжеткен сән әлеміндегі алғашқы қадамын өз елінде жасағанымен, бүгінде модельдік қызметін кәсіби түрде АҚШ-та шыңдап жатыр. Шетелдік түсірілімдерге жиі тапсырыс алатын аруға 565 мың адам жазылған. Ол парақшасына өз оқиғаларымен, сұлулыққа қатысты пайдалы кеңестерін беріп тұрады.

Өз қатарластарына қарағанда Айя күнделікті өмірде боянғанды мүлде ұнатпайды. Ол саяхаттағанды қатты жақсы көреді. Барынша көп елді барып-таны арудың арманы болса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1752425-taldyrmas-msindi-kazakstandyk-instagram-zldyzdary-kim/

pixel