Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қақалып қала жаздадым": Танымал журналист "Меломен" тобын қатаң сынға алды

Опубликовано:

Танымал журналсит Есей Жеңісұлы "Меломен" тобының биылғы жылы көпшілікке ұсынған жаңа әнін қатаң сынға алған деп жазады NUR.KZ.

"Меломен", "Есей Жеңісұлы. Фото:Әдебиет порталы,MUSICAL. KZ. Коллаж: NUR.KZ
"Меломен", "Есей Жеңісұлы. Фото:Әдебиет порталы,MUSICAL. KZ. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Көпшілікке бұрыннан Алма Аманжолованың орындауында танылған әнді, биылғы жылы "Меломендік" жігіттер шырқаған.

"Таңертең "Қазақ радиосындағы" әуенді бағдарламаны тыңдап, қызметімізге барамыз. Бұл үрдіс балаларды сабаққа алып барғанда да жалғасады. Осы бағдарламаға еліміздің әр өңірінен тұрғындар хабарласып, Қоразбаевтың "Туған жерім тамаша" әніне тапсырыс береді. Оны әрдайым Аманжолованың орындауында тыңдайтынбыз.

Ал бүгін "Меломеннің" орындауында алғаш рет тыңдадық. Шумақтың соңына келгенде, қақалып қала жаздағаным", - деді Жеңісұлы.

Журналистің айтуынша, Алма Аманжолова "әруағы қолдасын бәрімізді" деп орындайтын әннің бір шумағын "Меломендіктер: "Абай, Жамбыл, Махамбет, Құрманғазы, өнерімен баураған бәрімізді" деп айтып шыққан.

"Қазақ эстрадасының бетке ұстарларының бұл қателігіне күйінген Есей Жеңісұлы:

"Қатты түзеткісі келіп бара жатса, сол өлеңдегі "асыл текті Алатау" деген тіркесті өзгерте салмай ма? Тау қашан асыл текті болып еді", - деп Facebook парақшасындағы жазбасын аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758231-kakalyp-kala-zazdadym-tanymal-zurnalist-melomen-tobyn-kata-synga-aldy/

pixel