Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек қайын жұртына үй қызметкерімен бірге көшіп барған (видео)

Опубликовано:

Жақында тұрмысқа шыққан Айсәуле Бақытбек қайын жұртына үй қызметшісімен және екі итімен бірге көшіп барған. Бойжеткен жаңа отбасылық өмірі жайлы Мұхит Сапарбаевтың "Oybay show" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас келіннің айтуынша, ол үйде қызметкер ұстай алатындай қаражат табады.

"Қазір күйеуімнің үйінде ата-енеммен, екі итіммен тұрамын. Сыртта тағы біреуі бар. Алдағы уақытта тағы асырап алғым келеді. Өзіммен бірге үй қызметшісін де алып кеткенім рас. Менің оған мүмкіндігім бар. Өйткені, үйде қызметкер ұстауға шамам жетеді. Соған лайық ақша табамын. Жалғыз өзім үй жұмыстарының бәріне үлгермейтін едім",  - деді ағынан жарылды Айсәуле Бақытбек.

Сонымен қатар, ол отбасылық өмірі жайлы және енесімен қандай қарым қатынаста екенін де айтып берді.

"Менің жолым болды. Енем өте керемет адам. Тіпті анам сияқты жақын адам. Екеуміз ұқсайтын сияқтымыз. Мені үйде ойымды еркін айтып үйреткендіктен, сондай үйге тап болдым деп ойлаймын. Ол үйде өзімді ыңғайсыз сезінген емеспін", - деді Айсәуле Бақытбек.

Айта кетейік, осыған дейін Айсәуле Бақытбек "Барахолка" базарынан 20 мың теңгеге киініп, жұрттың ашуына тиген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797093-ajsule-bakytbek-kajyn-zrtyna-j-kyzmetkerimen-birge-ksip-bargan-video/

pixel