Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қай ұлтсыңдар?": Жанат Бақыт қазақ тілінде сөйлей алмайтындарды аяусыз сөгіп тастады

Жарияланған күні:

Отандық танымал журналист Жанат Бақыт желіде азулы жазба жариялады. Ол қазақ болып туған, бірақ ана тілінде сөйлемейтін азаматтарға шүйлікті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Жанат Бақыт
Фото: Facebook/Жанат Бақыт: Instagram

Белгілі журналист өз тілі мен салт-дәстүрін құрметтемейтін адамдар үшін намыстанатынын жазған. Ақпарат өкілі "өзге ұлттық" болып кеткендер жайлы жазбасын Facebook парақшасында жариялаған.

"Нотариуста отырсам, нотарус апай "Негізі қазақ деген өте әлсіз xалық. Көргенімді айтайын, қазақ жігіт орыстан, не кәрістен қатын алады. Өзі де соның тілінде сөйлеп, бала-шағасы да қазақша татпайтын жағдайға жетеді. Қазақ қызы ұйғырға, не қытайға тисе тағы да соның тілінде сөйлеп, солардың дәстүрін айтып, осы жерге келіп отырады.

Мысалы, талай орыс келеді Александр Аскарович, Николай Дастанович дегендер, әкесінің қазақ екені мұрындарына иісі де бармайды. Әкесі мәңгүрт құсап отырады анадай жерде" дейді апам.

Сол-ақ екен, кезекте тұрған орыс келіншек "Менің ұлым бір рет "Мама, мен осы орыспын ба, қазақпын ба?" деп сұрады" (балаларына қарасам, әкесі қазақ екені көрініп тұр), сен Қазақстанда тұрасың, қазақ болатын шығарсың, бар, папаңнан сұрашы дедім. Балам папасына барған еді, папасы "Білмейм, өзің білші, орыс болғың келсе орыс бол, қазақ болғың келсе қазақ бол" деді" дейді. "Еркек екен онда!" деп кекетті нотариус апай" , - деп нотариуста болған оқиғаны баяндады ол.

Жанат Бақыт айналасындағы болып жатқан жағдайды саралап, намысы оянып, ашуланған сәтін еске алды. 

Ол "қазақ жігіті" деген атқа сай еместерді сынап, намыссыз еркектердің толып бара жатқанына ашынды.  

"Намыстан жарылардай боп отырмын. Не дейсің ал? Ауылдан келген талай танысым орыс қатын алды. Орысша сөйлеп жүреді, балалары қазақ екенін білмейді де. "Неге мұндай тәрбие беріп жатырсың?" десең, "Өзім орыс тілін білмей көп қиналғанмын, бұлар қиналғанын қаламаймын" деп қояды.

"Жақсы бопты" дейсің, не дейсің басқа? Көл тамшыдан құралады, бәріміз бір тілден қиналдық екен деп баламызға қазақ екенін айтпай өсірсек, жақын 50 жылда жойылып кетпесімізге кім кепіл? Кәрісіңе еліктеп жігіттер (жігіт деуге де ұяласың) жүр ласина киіп, шаштарын қызылға бояп. Жағымпазбыз. Бір сөзбен айтар болсақ, шындық сол!

Шетелге барсаң да намыстанасың ше, әр ел өз тілінде сөйлеп жүреді, со баяғы Әпенде қазақ жарбаң-жарбаң етіп орысша сөйлеп жүреді, "Сендер қай ұлтсыңдар негізі?" деп түсінбей жүрген анада бір шетелдік! Жының келеді кейде намыссыз дүбараларға" , - деп жазды Жанат Бақыт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807329-kaj-ltsydar-zanat-bakyt-kazak-tilinde-sjlej-almajtyndardy-aausyz-sgip-tastady/