Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрпақ алып қалу керек деді": Нүсіпжановтың әйелі жайлы әріптесі сөз қозғады

Опубликовано:

82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановқа тұрмысқа шыққан Жадыра Сейдеш жайлы әріптесі желіде жазба қалдырды. Журналист Гүлвира Биғалиева Facebook парақшасында Жадыраның танымал тұлғалардың артында ұрпақ қалуы керектігі жайлы әңгіме айтқанын да жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Телевидение саласының маманы әріптесінің 82 жастағы әншіге тұрмысқа шыққанын естігенде шок алғанын жеткізді.

"Жадыра Сейдеш әріптесіміздің 82 жастағы мықты әнші Нұрғали Нүсіпжановпен отбасын құрып жатқанын естігенде шок алғанымыз рас. Алайда Жадыра "КТК" арнасындағы хабарларын жасаған кезде осындай өресі биік адамдармен көп әңгімелесетін.

Тіпті екеуміз шәй ішкен кезде үнемі "Осындай мықты адамдардан ұрпақ алып қалу керек" дейтін еді. Соңғы уақытта Жадыра телевидениеден де көрінбей кетті. Сөйтсем әріптесім мықты әншімен үйленіп, бомба жарып жүр екен.

Жадыра бақытты бол! Сен бақытқа лайықсың!", - деді Гүлвира Биғалиева.

Естеріңізге сала кетейік, күні бүгін 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйленгені жайлы ақпарат тараған болатын.

Әншінің таңдауы "Жүрекжарды" бағдарламасының жүргізушісі Жадыра Сейдешке түскен.

Фото: Гүлвира Биғалиеваның Facebook парақшасынан скриншот
Фото: Гүлвира Биғалиеваның Facebook парақшасынан скриншот: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813189-rpak-alyp-kalu-kerek-dedi-nsipzanovty-jeli-zajly-riptesi-sz-kozgady/

pixel