Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

39 жастағы Дильназ Ахмадиева алғаш рет ана атанбақ (видео)

Опубликовано:

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Дильназ Ахмадиеваның аяғы ауыр екені расталды. Өнер иесі 39 жасында алғаш рет ана атанбақ. Желіде әншінің аяғы ауыр екенін дәлелдейтін видеожазбалар тарап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дильназ Ахмадиеваның көптен жасырып жүрген құпиясын өнердегі әпкелері продюсер Баян Алагөзова мен отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ашты.

Олар желідегі парақшаларында аяғы ауыр әнші бейнеленген видеоны жариялаған. Бейнежазбадан өнер иесінің іші айтарлықтай шығып қалғанын аңғаруға болады.

Одан бөлек, аталмыш видеоға әнші Ғалия Маратқызы, тележүргізуші Аша Матай мен белгілі әзілкеш Мейіржан Түребаевтың жары Дана Есеева да түсіп қалған.

Айта кетерлігі, бұл жандардың да аяғы ауыр.

Еске сала кетейік, Дильназ Ахмадиева екінші мәрте тұрмысқа шыққанын жақында өзі хабарлаған болатын.

Айта кетейік, жақында ғана атышулы ару Айжан Байзақова көпшілікке алғаш рет ұлын көрсетсе, әнші Нұржан Керменбаевтың үшінші рет әке атануға дайындалып жатқанын жазған едік.

Назерке Керменбаеваның аяғы ауыр екені әншінің желіге салған суретінен белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1829660-39-zastagy-dilnaz-ahmadieva-algas-ret-ana-atanbak-video/

pixel