Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда танымал адамдардың аты жазылған тақтаға Айгүл Иманбаеваның да есімі енді (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі әрі жерлесі Бүркіт секілді туған жерінде ерекше сый-құрметке ие болды. Таразда жаңадан ашылған аллеядағы танымал адамдардың аты қашалып жазылған тақтаға эстрада жұлдызының да есімі енген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұл жаңалық Айгүл Иманбаеваның Instagram желісіндегі фан-парақшаларының бірінде жарияланған.

Аталмыш тақта Тараз қаласындағы мәдениет сарайы алдында жаңадан ашылған "Әуендер әлемі" аллеясында орнатылған. Аллея дәл сол Жамбыл облысынан шыққан өнер жұлдыздарына арналған.

Айгүл Иманбаеваға көрсетілген мұндай құрметке қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әншіні кез келген сый-сыяпатқа лайық деп таныса, енді бірі оның аты-жөнін тасқа қашап жазуды орынсыз деп есептеген.

"Керемет әнші әрі актриса сөзім де сыным да жоқ. Лайықты деп есептеймін" , "Көзінің тірісінде қадірлемесек, кейін ескерткіш орнатып еске алудың қажеті жоқ" , "Еңбектерін осы бастан бағалау керек" , "Біртүрлі екен тірі адамның атын тасқа қашап жазған" , "Меніңше, бұл мүлдем дұрыс емес" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, әнші Бүркіттің де есімі осы арнайы тақталардың біріне жазылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834908-tarazda-tanymal-adamdardy-aty-zazylgan-taktaga-ajgl-imanbaevany-da-esimi-endi-foto/

pixel