Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашық фотосымен бөліскен Айнұр Нұрсейітова ерлер қауымын естен тандырды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде аса танымал модель Айнұр Нұрсейітова оқырмандарын жаңа суреттер легімен қуантқан. Instagram жұлдызы өз парақшасында ашық фотоларын жариялап, ерлер қауымын естен таңдырған. Ер азаматтар екі баласы бар сылқымның мінсіз мүсініне ғашық болғанын жасырмай айтып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айнұр Нұрсейітова Мальдив аралындағы демалысынан әлі суреттер жүктеп әлек. Желі жұлдызы бұл жолы купальникпен түскен фотосын жариялап, ел арасында қызу талқы тудырды.

Оның мінсіз мүсініне пікір білдірушілердің басым көпшілігі ерлер қауымы болып шықты. Азаматтар Нұрсейітоваға тәнті болып, оған деген сезімін ашық түрде білдіруден жасқанбаған.

"Әдемі ару, мінсіз мүсініңізге ғашық болдым" , "Керемет көрініс. Мына фотода бір мін жоқ" , "Табиғаттың сәнін келтіріп тұрсыз" , "Сұлу бикеш, жүрегіңізді қалай жауласа болады?" , "Төсіңіз жасанды ма?" , "Кеудеңіз әдемі екен" , "Өте сұлулсыз, әсіресе көкірегіңіз" , "Мұндай әдемі болу заңды ма?" , "Неге төсіңізді көрсетесіз? Жұбайыңыз ғана көру керек денеңізді" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840223-asyk-fotosymen-blisken-ajnr-nrsejitova-erler-kauymyn-esten-tadyrdy/

pixel