Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғым келсе аламын": Тоқтар Серіков тоқал алуға қатысты ойын ашық айтты

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Тоқтар Серіков соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты пікір білдірді. Көп балалы өнер иесі тоқал алу жайында ойын ашық айтты. Әнші екінші әйел алуға оған ешкім кедергі келтірмейтінін алға тартты. Ол бұл жөнінде келіншегі Бейбіт Сейдуалиевадан да жасқанбайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/Instagram/toktar_beibyt. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/toktar_beibyt. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Тоқтар Серіков өзі қаласа, тоқал алу ол үшін қиындық тудырмайтынын айтты. Алайда, эстрада жұлдызы екінші отбасын құруға мүлдем ниетті емес екенін алға тартып, оның себебімен бөлісті.

"Менде әйелімнен жасқану мен қорқу табиғатымда жоқ. Мен алғым келеді ма? Аламын. Алғым келмесе, өз санатымнан айта аламын. Алмаймын деп. Бірақ, бір нәрсе айтайын, мен өз балаларымды қатты жақсы көремін. Бізде әке мен бала арасындағы қарым-қатынас аса ерекше. Құдайдың берген төрт ұлым бар. Төртеуі жатар кезде маған таласқанын көрсең ғой. Үлкенім атқа мінетін азамат болды, соның өзі таласады. Соны көріп тұрғанның өзінде менің жүрегім жылайды.
Мен үйіме толыққанды қонуым керек қой дұрыстап. Бұл менің балаларым үшін жасалған тірлік. Әйелім келетін болсақ, ол мен аңсаған арманды орындады. Бала-ашағамды дүниеге әкеп берді. менің жеке басым, екінші әйел алуға өзіме келмейді. Себебі, бірінші келіншегімнен бала-ашағам бәрі бар. Бүгінде мен 40-тан асып, 50-ге жақындап қалған азаматпын. Ендігі баламның мына қоғамда өсіп-өнуіне қорқамын. Оларды осы қоғамда тастап кетуге қорқамын" , - деді Тоқтар Серіков.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқтар Серіков неге әлі күнге дейін бірде-бір саяси партия құрамына өтпегенін айтқан болатын. Ол халық мұң-мұқтажын ойламайтын партияға шақырса да, бармайтынын жеткізді.

Оған қоса, әніш сұхбаты кезінде халықтың жағдайын сөз етіп, көз жасына ерік берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843492-algym-kelse-alamyn-toktar-serikov-tokal-aluga-katysty-ojyn-asyk-ajty/

pixel