"Сенімін қалпына келтіру керек": Азамат Омаров әйелімен арақатынасы жайлы айтты
Жарияланған күні:
Осыдан бір апта бұрын отандық танымал әнші Марат Омаровтың ұлына қатысты жария болған жаңалық барша қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Түркістандық ару өзінен 12 жас үлкен Азамат Омаров оны жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Ақыр-соңы ДНҚ тесті расталып, өнер иесінің ұлы некесіз туған қызын мойындады. Бұл жағдай жұлдызды әулетке аса ауыр тиіп, Азамат Омаровтың әйелімен арақатынасын бұзған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап.
ДНҚ нәтижесінде Көзайым атты қыздың әкесі атанған Азамат Омаров бұл оқиға отбасын шайқалтып, заңды әйелімен қарым-қатынасына кері әсер еткенін жасырмады.
"12 жасар ұлым мен он жасар қызыма қолымнан келгенше бәрін түсіндірдім. Әйелімнің сенімін қайта қалпына келтіруге тура келеді. Ол үшін ұзақ уақыт қажет екені анық. Бірақ, мен бар шындықты айтудан қорықпаймын. Керісінше, менің басымнан өткен оқиға өзге жас жігіттерді қателіктерді жасамауға ойландырып қалар" , - деді әншінің ұлы.
Айта кетерлігі, Омаровтар әулеті Азаматтың некесіз қызымен кездесіп, танысып үлгерген. Марат Омаров пен оның балалары Зарина мен Азамат Көзайымға киім-кешек алып берген.
"Мен, әкем және Зарина менің қызым болып шыққан Көзайыммен кездесіп таныстық. Оған қоса, оның анасы Кәмшатпен, әжесімен және тәтесімен көрістік. Біз ешкімнен қашқан жоқпыз. Тест расталса, бүлдіршінге барынша көмек көрсетуге дайын екенімізді айтқан болатынбыз. Пайыз мөлшерінде 99,90 нәтиже шығып, бала менікі екені анықталды.
Мен оған Азамат деген тегімді беруге келістім. Ол біздің қанымыз, сол себепті ол ел қатарлы өсіп даму керек. Көзайымды көре сала оның менен гөрі, жұлдызды атасына тартып кеткенін аңғардық. Әкемнің алтыншы немересі де, өзге бесеуі секілді өнерлі болады деген ниеттеміз" , - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Нәтижесінде бойжеткен одан Көзайым деген қызды дүниеге әкелген.
Бұл жағдай ел арасында бірден қызу талқыға түсіп, Омаровтар әулеті халық қаһарына ұшырады. Інісінің даулы оқиғасына қатысты бірінші болып, жұлдызды әпкесі Зарина Омарова жауап берген болатын.
Одан кейін біраз уақыт бойы үнсіздік сақтаған Марат Омаров ұлының қатысы бар даулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Өнер иесі немересін құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.
Кейіннен соңғы болып, Азамат Омаровтың өзі де көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Әншінің ұлы өз шындығын баяндады.
Ескерту! Материалды көшіріп, басу, тарату тек "Время" басылымының рұқастымен ғана жүзеге асады!
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844621-senimin-kalpyna-keltiru-kerek-azamat-omarov-jelimen-arakatynasy-zajly-ajtty/