Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың әйелі әншінің ұйықтарда қалай еркелейтінін айтты (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының хитмені Қайрат Нұртастың жары ол жайында ел білмейтін жайтпен бөлісті. Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасының жатар алдында ерекше әдеті бар екенін айтты. Шоу-бизнес жұлдызы келіншегіне ұйқы бермей, әбден "еркелейтін" болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы Әбдікәрімова Youtube желісіндегі "Коннект" бағдарламасы аясында айтқан.

Ол Қайрат Нұртастың дәл ұйықтар алдында маза бермейтін әдеті бар екенін жеткізді. Әнші әйелін төсекке жатқызбай, жұмсай беретін көрінеді.

"Мысалы, енді төсекке жатып, ұйықтайын деп жатқанда басталады. "Су әкеліп берші" , "Жарықты өшіре салшы" , "Есікті көріп кел, жабық тұр ма?" , деп жұмсайды" , - деді хитменнің келіншегі.

Жұлдыз Әбдікәрімованың ешкім білмейтін сырларды ақтарғанына өнер иесі қатты таңғалғандай болды. Ол бірден назарын әйеліне аударып, оған күлімсірей қарады.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың жары өзінің он жылдай халықтан жасырынып жүрген кезіне қатысты бар шындықты айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова ол көпшілік ойлағандай азапқа толы уақыт емес, керісінше нағыз ғажап күндер болғанын алға тартты. Жұлдыз Әбдікәрімова елден жасырынған уақытын нағыз қамақта отырғандай күйге теңеп жүргендердің болжамын жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1861726-kajrat-nrtasty-jeli-nsini-jyktarda-kalaj-erkelejtinin-ajtty-video/

pixel