Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Шахизада Алакөлде қалай демалып жатқанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатшаева коронавирус пандемиясына орай жазғы демалысын биыл Қазақстанда өткізуде. Жылда шетелде демалатын өнер иесі бұл жолы Алакөлде демалуды жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/shahizada.art.
Фото: Instagram/shahizada.art.: Instagram

Шахизада Байбатшаева да бірқатар отандық жұлдыздар секілді осы жылы демалысын Алакөл көлінде өткізіп жатыр.

Шоу-бизнес жұлдызы қалай демалып жатқанымен Instagram желісінде бөлісті. Ол өзі тоқтаған қонақ үй мен су жағасындағы фото және видеоларды жариялады.

Әнші Алакөлде өнердегі інілерін кездестіріп қалған.Олардың арасында әнші Айдана Меденованың інісі, дарынды музыкант Ермек Меденов бар болып шықты.

Шахизада Байбатшаева жазғы демалысын жақын достарымен бірге өткізуде. Оған қоса, белгілі әртіс Алакөлде бірқатар таныстарын кездестіріп қалды.

"Мен өте қуаныштымын. Бізде де, туризм демалыс орындары өте жаксы дамып келеді. Аллаға шукір. Алакөлдегі демалысымыз жақсы өтіп жатыр. Бұл сынақтан да өтерміз" , - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Шахизада Байбатшаеваның демалысына қатысты екі түрлі ой білдірді. Бірі эстрада жұлдызына жақсы демалыс тілесе, енді бірі оны карантин режимі уақытында көлге барғаны үшін аяусыз сынап тастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1867311-nsi-sahizada-alaklde-kalaj-demalyp-zatkanyn-krsetti-foto/

pixel