Айқын Төлепберген отбасымен бірге Қапшағайда демалып жатыр (фото, видео)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали да карантинге байланысты осы жылы шетелге демалуға аттана алмай қалды. Жыл сайын түрлі ыстық елдерді аралауды әдет қылған жұлдызды жұп бұл жазды Қапшағайда өткізуді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали карантин уақытын барынша балаларына арнауда. Жұлдызды ата-ана биыл суға түспеген перзенттерін Қапшағайға алып барған. Шектеу шараларынан шаршаған жанұя демалып қайтуға бекінген. Алайда, өнердегі өзге әріптестері секілді олар Алакөл іспетті алыс аймақтарды таңдаған жоқ.
Қос әнші балаларымен жүруге қолайлы болу үшін Алматы қаласына тиіп тұрған Қапшағайға баруды жөн санаған.
Жұлдызды жұп жазғы демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram парақшасында қалың көпшілікке көрсетті. Айқын мен Жұлдыз демалысы кезінен түрлі суреттер мен видеожазбалармен бөлісуде.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға жақсы демалып қайтуын тілеп, індет кезінде байқап жүруін сұрады.
Айта кетейік, Айқын Төлепберген COVID-19 инфекциясын жұқтырып, одан толығымен айығып шыққан болатын. Эстрада жұлдызы тіпті өзін аяққа тұрғызған ақ халаттыларға алғысын жаудырып, жазба арнады.
Сонымен қатар, әншінің өнердегі бірқатар әріптестері де жазғы демалысын Қазақстанда өткізіп жатыр. Гүлзира Айдарбекова құрбылары мен сіңлілерімен бірге Алакөл суында демалыпы қайтты. Белгілі продюсердің артынан аталмыш көлге Шахизада Байбатжанова да барған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1869112-ajkyn-tlepbergen-otbasymen-birge-kapsagajda-demalyp-zatyr-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.