Тырнағын бояп алған Юрий Дудь қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

маскаар
Фото: instagram.com/yurydud

Ресейлік журналист әрі блогер Юрий Дудь әлеуметтік желіде боялған тырнағының фотосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогер маникюр жасатқан суретін Instagram парақшасында жариялаған.

Юрий Дудьтің әрбір тырнағында қара түсті әріптер жазылған. Нәтижесінде "punk rock" деген сөзді оқуға болады.

"Екі аптадан бері осылай жүрмін. Әсерім-керемет!", - деп жазған Дудь.

Сурет әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды. Кейбіреулер "Жігіт бар еді, жігіт жоқ болды", "Жақында ерніңіді жасатарсың", "Дизлайк", - деп пікір қалдырған.

Ал екінші бір топтағы адамдар оның батылдығына тамсанып, мақтап жатты. "Өте әдемі көрінеді", "Қандай керемет", - деп жазған көпшілік.

Еске сала кетсек, бұған дейін шетел азаматтары арасында нәзік жандылардан қалыспай тырнақ бояу сәнге айналып жатқанын хабарлаған едік.

Бүгінде америкалық рэперлерден бастап, өзге де сала иелерінің ер азаматтары тырнақты сән үшін бояуға кіріскен. Мәселен, Марк Джейкобс боялған тырнақпен жүргенді ұнатаса, Джонни Депп, Бруклин Бэкхэм, Гарри Стайлс және өзгелер де тырнағын бояуды әдетке айналдырған.

Сонымен қатар денесінің 98 пайызына тату салдырған бойжеткен жайлы жазған болатынбыз.

25 жастағы модель Эмбер Люк татуға әуестенгені соншалық, көз жанарына дейін тату салдырып алған.

Белгілі болғандай, Эмбер денесіне 600-ден астам тату салдырған екен. Денесінде бос орын қалмай бара жатқанын ұққан ол енді қара сияның үстінен ақ сиямен тату салдыруды жоспарлап отырған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1873898-tyrnagyn-boap-algan-urij-dud-kyzu-talkyga-tsti-foto/