Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саша Барон Коэн "Борат" фильміне не себепті Қазақстанды арқау еткенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Борат
Фото: Amazon Studios

"Борат" фильмінің режиссері әрі басты рөлді сомдаған актер Саша Барон Коэн не себепті Қазақстанды фильмге арқау еткеннін түсіндіріп, мәлімдеме жасады деп хабарлайды The New York Times.

"Бұл жай ғана комедия, менің фильмімдегі Қазақстанның шынайы Қазақстанмен ешқандай байланысы жоқ. Мен Қазақстанды Америка Құрама Штаттарында ешкім біле бермейтіндіктен атылмыш елді таңдадым. Бұл бізге жабайы, комедиялық, жалған әлем құруға мүмкіндік берді.

Нағыз Қазақстан - бұл "Боратта" көрсетілген елге мүлде ұқсамайтын заманауи, мақтан тұтар қоғамы бар көрікті ел", - деп Сашаның сөзін келтірді басылым.

Еске салсақ, бұған дейін атышулы "Бораттың" рөлін сомдаған актер шын өмірде кім екенін жазған болатынбыз. 49 жастағы Саша Барон 2010 жылы Айле Фишер есімді актрисаға үйленіп, бүгінде үш баланың әкесі атанып отыр.

Актер 1971 жылы 13 қазанда Лондонның Хаммерсмит ауданында дүниеге келген. Әкесі ерлерге киім сататын дүкеннің иесі болса, анасы - дене шынықтырудан жаттықтырушы.

Саша осы күнге дейін кино саласында 24 марапатқа ие болып үлгерген. Атап айтсақ, "Алтын глобус" жүлдесі, "Борат" фильмінде үздік ер адам рөлі және үздік комедиялық рөл және өзге де марапаттардың иесі.

Айта кетейік, "Борат" фильмнің тұсаукесері қарсаңында Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылған болатын.

Алайда бұл жаппай қазақстандықтардың наразалығын тудырып, тұрғындар әлеуметтік желілерде "Мен туымды мақтан етемін" атты флешмоб ұйымдастырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1881680-sasa-baron-koen-ne-sin-borat-filminde-kazakstan-tadalganyn-tsindirdi/