Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бахтияр Артаев саясаттың құрбаны болған спортшыларды атады (видео)

Опубликовано:

Бахтияр Артаев
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық танымал боксшы Бахтияр Артаев саясат салдарынан жолы болмаған отандық спортшылар туралы бар шындықты айтты. Ол әділетсіздікке ұшыраған бірқатар боксшыларды атап шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бахтияр Артаев спорт саласына саясаттың тікелей қатысы бар екенін жоққа шығармады. Белгілі боксшы бұл мәселе аясында құрбан болып, асқан әділетсіздікке тап болған отандық спортшылар жайлы айтып берді.

Ол "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында әділ жеңісінен айырылып қалған боксшыларды тізіп шықты.

"О бастан бастайық, Серік Ермекұлы Қонақбаев, Василий Левит, Біржан Тұяқов бәріне әділетсіздік жасалды. Біржан Тұяқовқа қандай обал, қанша рет қытайлықты жеңді, бірақ өкінішке орай бермеді. Мен өзімді қоспай-ақ қояйын. Мен қаншама жекпе-жек өткіздім, ондай жағдайлар талай болды. Болат Жұмәділовты айтсаңызшы, екі рет күміс жүлдегер болды. Әділбек Ниязымбетов те екі мәрте күміс жүлдегері болды. Екеуінің бірінде әлем чемпионы болуға болар еді.
Ресейлік боксшымен шыққанда 8:8 болды да, бітті. Болат Жұмәділовтың бірінші олимпиадасы Атлантада таза чемпион болып тұрған жері ғой. Ұрып тұрды, сәл қаша беріп еді басып-басып, қарсыласын жеңімпаз ете салды. Ермахан Ибрайымов та бірінші олимпиадасында әділетсіздікке ұшырады. Ол кезде ол қола жүлдегер болды. Бірақ, негізі чемпион болу керек еді. Бірақ, мен үшін ең өкінішітісі Болат Жұмәділов" , - деп ағынан жарылды Бахтияр Артаев.

Айта кетейік, бұған дейін Бахтияр Артаев Боратқа қатысты өз пікірін айтқан болатын. Боксшының ойынша, бұл іс іштен жасалып отырған тапсырыс болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883889-bahtiar-artaev-saasatty-krbany-bolgan-sportsylardy-atady-video/

pixel