Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова: Қазір отбасымдағы жағдай түсініксіздеу болып тұр

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова жеке өміріндегі өзгерістерге қатысты тарап кеткен қауесеттер толастамай жатқанын аңғарып, бұл мәселеге қатысты өзі жауап беруді жөн көрді. Эстрада жұлдызы қазіргі таңда отбасындағы жағдай жайында бар шындықты айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында жеке өмірі жайлы аса әсерлі жазбамен бөлісіп, оқырмандарын тағы алаңдатып қойды.

Әнші отбасына қатысты толассыз сауалдар мен қисынға сай келмейтін болжамдардан әбден шаршаған көрінеді. Ол өз өмірінде қазіргі таңда не болып жатқанын ашық айтып, ел арасында айтылып жүрген әңгімелерге нүкте қойды.

Шоу-бизнес жұлдызы халықтың оның жеке өміріне емес, өнеріне көбірек қызығушылық танытқанын қалайды.

"Неге соңғы кезде не істесем де жұрттар мін іздеп, не болса соны жаза бастады? Жеке өміріме қатысты-ау деймін, Иә, қазір отбасымда жағдай түсініксіздеу болып тұр. Бәрі реттеледі деп сенемін, уақытша деп сенемін. Бірақ, менің әр қимылыма, фотома, әніме, басқа өміріме қатысы жоқ қой. Сол баяғы Мадинамын, әлде жеке өмірімде өзгеріс болып қалса әнімді тыңдамай, мені жақсы көрмей кетесіздер ма", - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Айта кетейік, желі қолданушылары Мадина Сәдуақасованың соңғы кезде мұңды болып жүргенін байқап қалған.

Қалың көпшілік шетелге демалысқа барған өнер иесінің жолдасымен арасы бұзылып, ерлі-зайыптылардың айырылысып кеткенін болжап жазды.

Сәдуақасованың өзі бүгінде желіде асқан белсенділік көрсетіп, аса әсерлі жазбаларымен жиі бөлісетін болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885010-madina-sduakasova-kazir-otbasymdagy-zagdaj-tsiniksizdeu-bolyp-tr/

pixel