Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

А’Студио тобының әншісі Кети Топурия екінші рет тұрмысқа шықты (фото)

Опубликовано:

Кети
Фото: keti_one_official

А’Студио тобының белгілі әншісі Кети Топурия екінші рет тұрмысқа шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кети Топурия өзінің жүкті екенін және тұрмысқа шыққанын жасырмауды ұйғарған.

Саяси қайраткер әрі кәсіпкер Лев Деньговпен бір жылдан астам уақыт жақын қарым-қатынаста жүрген әнші некесін қидыру сәтінен суреттермен Instagram парақшасында бөліскен.

Ал әншінің табынушылары болса құрсақтағы сәбидің жынысын болжап, жарыса пікір қалдыруда. Желі қолданушыларының дені бақытты жұптың ұл бала сүйетініне сенім білдіріп отыр.

Айта кетсек, Кети төрт жыл бойы белігі бизнесмен, миллионер әрі банкир Лев Гейхманмен некеде болған.

Кети
Фото: instagram.com/keti_one_official

Кейін ажырасуды ұйғарған әншінің бизнесменмен Оливия атты ортақ қызы бар. Қыз бала бүгінде 5 жаста.

Әншінің қазіргі күйеуі Лев Деньгов та алғашқы некесінен бала сүйіп отыр. Кәсіпкердің бірінші некесінен екі баласы бар: ұлы Леонид және қызы Шошана.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да туған танымал продюсер баласына оғаш есім беруді ұйғарғанын жазған едік. Продюсер Бари Алибасов ұл туылса, оған Ковид есімін бермек. Ал егер қыз бала дүниеге келсе, перзентіне Пандемия деген есім беретінін мәлімдеді.

Одан бөлек, қолы ашық Голливуд актері Джордж Клуни достарына 14 миллион доллар сыйға тартқанын жазған болатынбыз. Бұл туралы актердің өзі GQ журналына берген сұхбатында айтып берген. Клуни жақын достары оған өте қымбат екенін түсініп, оларға осылайша ерекше тосынсый жасамақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886128-astudio-tobyny-nsisi-keti-topuria-trmyska-sykty-foto/

pixel