Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вайнер Артур Асқарұлы анасына туған күніне естен кетпес сыйлық жасаған (видео)

Опубликовано:

Гүлмира Дайрабаева мен ұлдары
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал вайнер Артур Асқарұлы анасының туған күніне ерекше тосын сый жасаған. Белгілі тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы жақындарының көзінше оған естен кетпес сыйлықты тарту еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Yurframe" команбасының белді мүшесі болған Артур Асқарұлы анасын туған күнімен ерекше құттықтап, оған ойламаған жерден аса бағалы сыйлықты табыстаған. Желі жұлдызы аса әсерлі сәтінің видеосымен Instagram парақшасында жариялаған.

Бейнежазбадан Гүлмира Дайрабаеваның жақындарымен жаңа жасын тойлап, дастарханда отырғанын көруге болады. Сол сәтте тұңғышы кіріп келіп, анасының косметологиялық күтіміне 200 мың теңгелік сертификат пен Мысырға демалып қайтуға жолдама тарту етеді.

Белгілі блогер бұл бейнежазбамен көпшілік алдында мақтану мақсатында емес, өзге перзенттерді осындай жетістіктерге итермелеу үшін, басқаларға мотивация беру үшін бөліскенін алға тартты. Ол барша қазақстандықтарды ата-ананы қадірлеп, шама келгенше уақытылы қуантуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлмира Дайрабаева жұлдызыд ұлының жеке өміріне қатысты бірқатар мәліметпен бөліскен болатын. Танымал тележүргізуші вайнер баласының таңдауы әнші Индира Еділбаеваға түссе, оларды толықтай қолдайтын айтты.

Оған қоса, бір апта бұрын Жанар Дұғалова да анасының туған күнінде оған үлкен тосын сый жасаған еді. Өнер иесі барша жақындарын жинап, түнгі он екіден кейін анасын құттықтап қайтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886631-vajner-artur-askarly-anasyna-tugan-knine-esten-ketpes-syjlyk-zasagan-video/

pixel