Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балғынбек Имаш: Мақсат біреуді айыптап тұқырту емес, елге ой салу еді

Жарияланған күні:

Балғынбек Имаш
Фото: Instagram/balgynbek_official

Отандық танымал айтыскер Балғынбек Имаш Түркиядан үй алғанын жарнамалаған Алтынай Жорабаева мен Қарақат Әбілдинаға қатысты тағы да пікір білдірді. Белгілі ақын қос әншіге сын айтса да, олардың өнерін аса жоғары бағалайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балғынбек Имаштың бұл мәселеге қатысты Instagram парақшасында жариялаған бірінші жазбасы желіні шулатқан болатын.

Қалың көпшілік те жұртты шетелден баспаналы болуға шақырған қос әншінің әрекетін қолдамайтынын жеткізді.

Желі қолданушылары Жорабаева мен Әбілдинаны тіпті аяусыз сынап та жатты. Соған байланысты, Балғынбек Имаш тағы бір жазбасын бөлісуге мәжбүр болған.

Онда ол әртістерді сынның астына алғанымен, олардың өнеріне деген көзқарасы өзгеріссіз қалғанын алға тартты. Ақынның сөзінше, олар қандай әрекетке барса да, шығармашылықтары өз бағасын жоғалтпайды екен.

Сонымен қатар, Балғынбек Имаш алдыңғы жазбасы туралы түсініктеме беріп, оны жазудағы басты мақсатын айтты. Ол біреуді әдейі айыптағысы келмеген. Айтыскер бұл үндеуімен елге ой салуды көздеген көрінеді.

"Қадірлі қазағым! Біреуді мақтасақ шыңға шығарып, біреуді айыптасақ шыңырауға тастап жіберетініміз қалай? Қалай болғанда да мен сын айтқан әншілер саналы, сапалы, салмақты, салиқалы өнер иелері. Олар жасаған еңбек, олар жасаған (тудырған, сақтаған, жеткізген, арқалаған) өнер ешқандай бағасын жоғалтпайды. Сол ретте, ит терісін басына қаптап сөге бермей, сөзден, істен сабақ алғанымыз дұрыс қой.

Бұл пост, оларға емес, жалпы жарнамашыларға, және, соларға ұйып, құйысқаны көтеріліп желпілдегендердің бәріне арналған. Мақсат біреуді айыптап тұқырту емес, елге ой салу еді. Отанынан жеріп, шет елді армандайтындарға арналған пост еді" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Балғынбек Имаш Түркиядан үй алғанын жарнамалаған әншілерді сөккен болатын. Ол бұл әрекетке барған әртістердің есімін атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887629-balgynbek-imas-maksat-bireudi-ajyptap-tkyrtu-emes-elge-oj-salu-edi/