Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайраттың үлесі жоғары": Жұлдыз Әбдікәрімова ел сынына жауап берді

Опубликовано:

Жұлдыз бен Қайрат
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

"Әлем ханымы-2020" атанған Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы кезде өзіне қатысты желіде айтылып жатқан түрлі сыни пікірлердің барлығына жауап берді. Ол өз жеңісінде жолдасы Қайрат Нұртастың ықпалы қаншалықты болғанын ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің "Әлем ханымы" атанғанын күні кеше ғана толығымен сезінгенін жасырмады. Хитменнің жары байқаудың тәжі мен лентасы тағылғанда ғана өзін шынайы жеңімпаз болғанын түсінген.

"Шын айтайын, енді ғана сезініп жатырмын. Осы уақытқа дейін барлығы "сезімің қандай?" деп сұрап жатыр. Шыны керек, осы уақытқа дейін толқып жүрдім, сезінбедім. Себебі, басымда тәж болмады, көкірегімде лента болмады" , - деп ағынан жарылды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Оған қоса, эстрада жұлдызының келіншегі аталмыш байқауда жеңіске жетуіне жолдасының ықпалы қаншалықты болғанын ашып айтты. Ол "Еуразия бірінші" арнасына берген сұхбаты кезінде толассыз ел сынына жауап берді.

"Қайраттың үлесі жоғары. Себебі, ең бастысы оның қолдауы болды. Одан кейін әрине, барлық шарттардың ішіндегі бір шарты - бала-шағалы болу. Осы жерде де Қайраттың үлесі жоғары деп ойлаймын. Сондықтан рахмет айтамын. Дауыс берген қарапайым халық өзі біледі.Дауыс күнде беріліп жатыр. Оның ақылы емес екенін бәрі біледі" , - деді ол.

Айта кетейік, биыл "Әлем ханымы-2020" сұлулық байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен 86 әдемі келіншек қатысты. Қазақстан намысын қорғаған Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова олардың арасында топ жарып, конкурстың Гран приін иеленді.

Сонымен қатар, аталмыш байқауда тағы бір қазақстандық ару бағын сынады. Аяна Сұлтанбекова додаға Қазақстанның емес, Орта Азияның атынан қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891721-kajratty-lesi-zogary-lem-hanymy-atangan-bdikrimova-el-synyna-zauap-berdi/

pixel