Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Леди Гага Байденнің ұлықтау рәсімінде АҚШ әнұранын орындады (видео)

Опубликовано:

Леди Гага
Фото: Drew Angerer/Getty Images

Әйгілі америкалық әнші Леди Гага АҚШ-тың жаңа президенті Джозеф Байденді ұлықтау рәсімі кезінде АҚШ әнұранын орындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ел алдына шыққан әнші сәнді қызыл белдемше және көгершін бейнеленген түйреуіш тағылған қара көк күртеше киген. Оның шашы сары-қара ленталармен және қызыл раушанмен әшекейленген.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда шамамен 12:00-де (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 23:00-де) Джо Байден ант беріп, Америка Құрама Штаттарының президенті қызметіне ресми түрде кірісті.

Сонымен қатар ұлықтау рәсімі кезінде Джо Байден көпшіліктің алдында халқына үндеу жасады.

"Демократия жеңіске жетті. Ешқандай күш АҚШ-тан демократияны тартып ала алмайды. Бұл тарихтың, үміт пен жаңарудың күні.

Мен өзіме қарсы болғандарға жүгінемін. Маған қарсы болып қала беріңіз. Бұл демократия. Мен бәрі үшін президент боламын – жақтайтындарға да, қарсы болатындарға да", - деді ол.

Айта кетейік, Камала Харрис Джо Байденнің орынбасары болып тағайындалды. Ал бұрынғы президент Дональд Трамп президенттің инаугурациясына келген жоқ. Ол ұлықтау рәсімін күтпей, Флоридадағы резиденциясына ұшып кеткен.

Бұл уақытта салтанатқа басқа экс-президенттер - Барак Обама, Джордж Буш және Билл Клинтон, сондай-ақ олардың жұбайлары қатысты. Салтанатта бұрынғы вице-президент Майк Пенс пен оның әйелі де болды.

Салтанатты рәсім COVID-19 пандемиясы мен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты жеңілдетілген форматта өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894828-ledi-gaga-bajdenni-lyktau-rsiminde-aks-nranyn-oryndady-video/

pixel