"Бәрі үшін президент боламын": Байден америкалықтардың алдында сөз сөйледі

Опубликовано:

Ұлықтау рәсімі
Джо және Джилл Байден. Фото: Daniel Acker/Bloomberg/Getty Images

Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде ресми түрде ұлықталған Джозеф Байден өз халқының алдында сөз сөйледі.

Президент АҚШ конституциясына қолын қойып, дәстүрлі ант берді. Осыдан кейін ол салтанатқа қатысқан адамдарға қарата сөз сөйледі.

Президент сөзінің негізгі бөлігін Life Shot Telegram-каналы көпшіліктің назарына ұсынды.

"Демократия жеңіске жетті. Ешқандай күш АҚШ-тан демократияны тартып ала алмайды. Бұл тарихтың, үміт пен жаңарудың күні".

"Мен өзіме қарсы болғандарға жүгінемін. Маған қарсы болып қала беріңіз. Бұл демократия. Мен бәрі үшін президент боламын – жақтайтындарға да, қарсы болатындарға да".

"Біз осы қауіпті вирусты жеңу үшін адамдардың жақсы жұмыс орындарымен қамтамасыз етілгеніне және балалардың жақсы мектептерде оқитынына көз жеткізуіміз керек. Біз бірге экстремизм, зорлық-зомбылық, үмітсіздік және нәсілшілдікпен күресеміз".

"Біздің қоғамда қазір бейбітшілік жоқ. Біз хаостамыз, біз соғысқа ендік - вируспен және өзара соғысқа. Біз бұларға қарсы күресуіміз керек".

"Біздің еліміз әйелдер құқығына қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өтті. Енді Камала Харрис вице-президент болды".

"Америка сынақ кезеңінде. Біз әлеммен бірігеміз. Біз өз үлгімізбен әлемнің демократия күшіне деген сенімін қайтарамыз".

Еске салсақ, 20 қаңтарда Джо Байденнің ұлықтау рәсімі өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894821-men-bri-sin-prezident-bolamyn-bajden-amerikalyktardy-alynda-sz-sjledi/