Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасырып келдім": Жұлдыз Әбдікәрімова аурудан емделіп жүргенін айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Еліміздің бас хитмені Қайрат Нұртастың жары қалың көпшілікке бүгінге дейін жасырып келген құпиясын ашты. Белгілі болғандай, Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі таңда ем қабылдап жүр. "Әлем ханымы-2020" қандай ауруға шалдыққанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісінде оқырмандарына барынша ашылып, өзінің жан сырын ақтарды. Актриса мойын омыртқасын жарақаттап алғандықтан бүгінде емделіп жүргенін алға тартты.

"Осы уақытқа дейін жасырып келіп едім. Биыл денсаулыққа көңіл бөлетін жыл болды. Ағзам "Жұлдыз, тоқтат" деп ескерту берген секілді болды. Диагнозым - мойын омыртқасының жылжуы. Қазір мануалиске барып, соны қалпына келтіріп жүрмін. Он күндей қабылдауда болдым. Тіпті мойын омыртқасы қозғалтпай, басын көтере алмай жатып қалған кезім де болған" , - деп жазды Әбдікәрімова.

Алайда, қазіргі таңда Қайрат Нұртас жарының денсаулығы тәуірленіп қалған. Ол өзі үшін алаңдаушылық танытып, тез сауығып кетуін тілеген халыққа алғысын айтты. Өнер иесі оларды уайымға салынбауын сұрады.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова өткен жылдың 25 желтоқсаны күні әлемдік сұлулық байқауында топ жарып, "Әлем ханымы-2020" атанды.

Актриса бұл жеңісінде жұлдызды жолдасы Қайрат Нұртастың үлесі жоғары екенін жоққа шығармады. Хитменнің жары бұл жетістігінен кейін ел арасында сынға ұшыраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899833-zasyryp-keldim-zuldyz-abdikarimova-aurudan-emdelip-zurgenin-aitty/

pixel