Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Косметологқа жиі барамын": Арапбаеваның пластикалық ота жасатқаны рас па

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Фото: Instagram/arapbayevamarzhan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Маржан Арапбаева өзінің пластикалық ота жасатқаны туралы қауесеттерге жауап берді. Әнші бет-әлпетіндегі өзгерістерді түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маржан Арапбаева пластикалық операцияларға ешқашан жүгінбегенін алға тартып, көпшілікті шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауын сұрады. Өнер иесі Instagram желісінде өзіне қатысты қауесеттер таратып жүргендерге арнайы видео үндеу жариялады.

"Достар, міне сіздерге мүлдем бірде-бір фильтрсіз видео жолдап жатырмын. Бұл бейнежазба мені миллион пластикалық ота жасатып алды деп сөгіп жүргендерге арналады. Бұл жалған. Ал косметолог мамандарға жиі баратыным рас. Әр екі апта сайын барып тұрамын. Себебі, ешқандай крем иньекциялық процедуралар сияқты көмектеспейді. Сол үшін мезотерапия, биоревитализация жасатып тұрамын. Осыдан кейін мен өзімді жасатып алғанымды жазуды қойсаңыздаршы" , - деді Маржан Арапбаева.

Алайда, желі қолданушылары әншінің пластикалық отаға жүгінгенін жазуды тоқтатар емес. Оқырмандар оның соңғы жүктеген суретінің астында қызу талқы ұйымдастырып, оны сынның астына алған.

"Не десе де жасандылық көрініп тұрады" , "Пластикаға беріліп кетіпті" , "Мына кісі түрін тағы да өзгертіп тастапты. Жаттап үлгере алмай жатырмыз" , "Түріңіз қатты өзгеріске ұшыраған", "Баяғы Маржаннан түк жоқ. Неге Алланың берген түрімен жүре бермеске?" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900202-kosmetologqa-zii-baramyn-marzan-arapbaeva-plastikalyq-otaga-qatysty-bar-syndyqty-aitty/

pixel