Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рұқсат жоқ": Мадина Сәдуақасова тойлардың шектелуіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова той-томалақтардың шектеуіне қатысты бар өз ойын айтты. Өнер иесі карантин режиміне қарамастан мерекелік шараларда өнер көрсетіп жүргені рас па? Бұл сұрақтың жауабын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Мадина Сәдуақасова карантин шараларын қатаң ұстанып жүрген жұлдыздар қатарынан болып шықты. Өнер иесі шектеу режимі аяқталмайынша ешқандай той-томалақтарға қатыспайтынын алға тартты. Тіпті әншінің көмекшісі ұсыныстар бойынша хабарласатын адамдардың тұтқасын көтермейді екен.

Бұл күрделі мәселе жайында Сәдуақасова НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты.

"Заң бойынша бізде ешқандай да рұқсат жоқ әлі. Концертті де, той-томалақтарды өткізуге рұқсат жоқ. Сондықтан менің тапсырыстарды телефон арқылы қабылдап отыратын көмекшім әзірге телефонды алмайды. Қалай рұқсат шығады, сол кезде думанды кештерге қатысуды бастаймыз" , - деді Мадина Сәдуақасова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова желіде ерекше образын паш етіп, қалың көпшіліктің қызу талқысына қалған еді. Өнер иесінің жаңа стильдегі фотосессиясын бірі ұнатса, енді бірі жақтыра қоймаған.

Сонымен қатар, Мадина Сәдуақасова 16 жасындағы мұрағаттық видеосымен бөлісіп, елді өзіне қаратты. Әнші өнерге енді ғана қадам басқандағы бейнежазбасымен барша жанкүйерлерін тәнті етті. Бейнежазба аздаған уақыт ішінде үш жүз мыңға жуық лүпіл мен сансыз пікірлер жинап үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900548-ruqsat-zoq-madina-saduaqasova-toilardyn-sekteluine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel