jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бар жанарды жаулаған "Jaidarman" енді тек Жетінші арнада!

    Есен Елеукен
    Фото: Жетінші арна

    20 жылдық тарихы бар Jaidarman ойындарын енді тек Жетінші арна эфирінен көруге болады. Жоба «Jaidarman Cup» деген жаңа атаумен, жаңа форматпен көрермен назарына әр сенбі сайын ұсынылмақ. Тұсаукесері 6 наурыз күні сағат 18:45-те Жетінші арнада өтеді.

    Жетінші арнадағы Jaidarman Cup ойындары – еліміздің әр түкпірінен жиналған 24 команда қатысатын, әзіл-сықақ әлеміндегі ең таңдаулы жоба. Маусым соңында Jaidarman Cup кубогын иеленген команда Жетінші арна ұсынған арнайы жүлде – 5 млн теңгеге ие болады. Жоба жетекшілері жаңаша түрленген Jaidarman Cup жобасы Қазақстандағы әзіл әлемінің жоғары деңгейін көрсетеді деп сенеді.

    Jaidarman
    Фото: Жетінші арна

    Jaidarman Cup жетекшісі Есен Елеукеннің айтуынша, бұл жоба бұрынғыдан ерекше.

    - Жайдарманның бұрынғы форматы өзектілігін жоғалта бастады, сондықтан бізге өзгеріс керек болды. Сол себепті жаңашылдыққа ұмтылып жүрген, өнерлі жастарды қолдауға дайын Жетінші арнамен ұзақ мерзімді серіктестік орнаттық. Енді Jaidarman ойындары тек Жетінші арнада көрсетіледі”, - дейді Есен Елеукен.
    Jaidarman
    Фото: Жетінші арна

    Форматы өзгерген бұл жобада командалардың профайлы, сахна сыртындағы өмірі, әр ойыннан кейінгі қазылар алқасының пікірі көрсетілмек. Сонымен бірге командаларды бағалау жүйесі мен жарыс форматы да өзгерген.

    “Бағдарлама жан-жақты болып, өзгеріске ұмтылып жатқандықтан, өзгерісті алдымен өзімнен бастауға шешім қабылдадым. Бұрынғы қатып қалған стилімді өзгертіп, Jaidarman Cup-қа жаңа образбен қадам басып жатырмын. Оны көрермен өзі бағалай жатар”, - дейді жоба жетекшісі.
    Jaidarman
    Фото: Жетінші арна

    Жетінші арна Қазақстанның өнерлі жастарын қолдап, олардың шығармашылығын дамытуына атсалысу үшін дәл осы Jaidarman ойындарын қолға алып отыр. Jaidarman Жетінші арнамен ұзақмерзімді серіктестік орнатып, жастар аудиториясына сапалы ойын-сауық контентін ұсынуға дайын.

    Телеарна қызметкерлері Jaidarman Cup жобасының сапалы әрі сәтті болуы үшін қазір тынымсыз еңбек етіп жатыр. Әр түсірілімнің жарқын әрі әсерлі шығуы үшін жарық пен дыбысқа арналған заманауи жабдықтар қолданылады.

    Jaidarman
    Фото: Жетінші арна

    Jaidarman Cup мақсаттарының бірі – Қазақстанның қазіргі келбетін, елдегі өзекті мәселелерді астарлы әрі өтімді әзіл арқылы жеткізетін жобаға айналу. Жоба ұзақмерзімді болғандықтан, алғашқы кубоктан кейін күзгі маусымға дайындық басталмақ. Ұйымдастырушылар әр маусым сайын түрлі эксперимент жасап, өнерлі жастардың потенциалын ашу үшін барын салуға дайын.

    Жобаның алғашқы шығарылымын 6 наурыз күні 18:45-те Жетінші арнадан көруге болады.

    Бар жанарды жаулаған "Jaidarman" енді тек Жетінші арнада!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.