jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Су басқан Түрген шатқалындағы демалыс аймағынан қанша адам эвакуацияланғаны белгілі болды

    су басқан аумақ
    Су басқан аумақ. Видеодан кадр: Алматы облысы әкімдігі

    Алматы облысында Түрген шатқалындағы демалыс аймақтарынан қанша адам эвакуацияланғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Кеше нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген шатқалындағы Түрген өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, соның салдарынан Түрген – Асы автожолының жекелеген учаскелерін су шайып кеткен еді.

    ТЖМ мәліметінше, су басқан аймақта 17 киіз үй орналасқан. Сонымен қатар "Водник" бау-бақша серіктестігіндегі төрт аула аумағын су басты. "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ құтқарушылары 58 адамды, оның ішінде 21 баланы және 8 шетел азаматын эвакуациялады. Эвакуацияланған азаматтар үшін ТЖМ-нің вахталық көлігі ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

    Оқиға орнында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде, сел қаупі бар жағдайға мониторинг жүргізіліп, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Салдарды жою жұмыстарына жалпы ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің 300-ге жуық жеке құрамы мен 44 техникасы жұмылдырылды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі су деңгейінің көтерілуі салдарынан "Түрген - Асы" автожолының 25-шақырымындағы жол бөлігін су басқанын хабарлаған еді. Сондай-ақ туристік нысандар мен туристік аймақтарда болған демалушыларды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылған.

    Су басқан Түрген шатқалындағы демалыс аймағынан қанша адам эвакуацияланғаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.