RU

"Ерекше махаббат": Жеке өмірі туралы айтқан Ерке Есмахан елді қызықтырып қойды

Ерке Есмахан күліп тұр
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан жақында жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөліспек. Өнер иесі алдағы уақытта сүйіктісімен ерекше махаббат хикаясы қалай бастау алғанын айтып береді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға Instagram желісінде жауап бермек. Эстрада жұлдызы өз жанкүйерлеріне барынша ашылып, олардан тіпті жеке өмірін де жасырмайын деп шешкен көрінеді.

"Менің жеке өміріме қатысты сұрақтар көбісін мазалайды екен. Өмір бізді бұл ерекше махаббатқа қалай алып келгені туралы білгілеріңіз келе ме? Аздап айтып бастайтын шығармын бұйыртса" , - деп оқырмандарын үміттендіріп қойды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасын бірден қызу талқыға салып, махаббат хикаясы туралы мәліметтерді асыға күтетіндерін жазды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында халық арасында Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың кездесіп жүргені жайлы қауесеттер тарап, көпті қатты таңғалдырған болатын. Әншілердің өзара жас айырмашылығы - тоғыз жас.

Осы жылдың ақпан айында Ерке Есмахан жазба жариялап, "Ninety one" экс-мүшесімен кездесіп жүргенін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903939-erekse-maxabbat-zeke-omiri-turaly-aitqan-erke-esmaxan-eldi-qyzyqtyryp-qoidy/