Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дер кезінде екпе алған дұрыс екен": Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Толқын Забирова
Фото: Instagram/tolkynzabirova

Қазақстандық эстрада жұлдызы Толқын Забирова екінші мәрте коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Өнер иесінің сөзінше, бұл жолы дерт жеңілірек өтіп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Толқын Забирова қауіпті індетке қайта шалдыққанын Instagram желісінде хабарлаған. Әнші бірнеше мәрте инфекцияны жұқтырғанша, дер кезінде вакцина салдырған дұрыс деген тұжырымға келген.

"Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес,деп жүріп. Антителаның арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек мамама ауыр болып тұр! Жасы 74-те. Алла шипасын берсін мамама. Дер кезінде вакцина алған дүрыс екен. Бір-ақ осындай жаста,үлкендерге жасатуға боларма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық,достар" , - деп жазды Забирова.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызы мен оның анасына денсаулық тілеп, оларға өз қолдауын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина жайлы өз ойымен Айсәуле Бақытбек те бөліскен болатын. Белгілі продюсердің қызы қауіпті вирустың барын әлі де жоққа шығарып келе жатқандарды сынға алып, алдағы уақытта қалыпты өмір сүру үшін барлығы түбі екпе салуға мәжбүр болатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908764-der-kezinde-ekpe-algan-durys-eken-tolqyn-zabirova-ekinsi-ret-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel