jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қазақстан жайлы бесінші жазба": Энрике Иглесиас Астана мен Алматыдағы концерттерін тағы да еске алды (видео)

    Энрике Иглесиас
    Энрике Иглесиас. Фото: instagram.com/enriqueiglesias

    Танымал испан әншісі Энрике Иглесиас Астана мен Алматыда өткен концерттерінен видео жариялады. Ол қазақстандық жанкүйерлеріне жылы қабылдағандары үшін тағы да алғыс айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Танымал испан әншісі Энрике Иглесиас Instagram парақшасында Астана мен Алматыдағы концерттері кезінде түсірілген видеоны жариялады.

    "Екі ұмытылмас кеш үшін рақмет, Қазақстан", - деп жазды ол.

    Әншінің қазақстандық жанкүйерлері Энрике Иглесиас Қазақстандағы концерттеріне орай осымен бірнеше жазба жариялағанын атап өтті.

    "Қазақстан жайлы бесінші жазба", "Бүкіл Қазақстан әлі күнге дейін ерекше күйде жүр", "Рақмет, Эреке! Көптеген миллениалдың арманын орындадыңыз", "Тағы да күтеміз, енді келетінін білеміз. Бұл жолы бүйрегімді сатсам да, фан-зонаға барамын", - деп жазды жанкүйерлер пікірлерде.

    Еске салсақ, бұған дейін 3 қыркүйекте, Астанада танымал испан әншісі Энрике Иглесиастың концерті өткенін жазған болатынбыз.

    Сондай-ақ Энрике Иглесиас 5 қыркүйекте Алматыда өткен концертінен кейін қазақстандықтарға алғыс айтқанын жазған едік.

    Энрике Иглесиастың Алматының Орталық стадионында өтті.

    "Қазақстан жайлы бесінші жазба": Энрике Иглесиас Астана мен Алматыдағы концерттерін тағы да еске алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram